Алматыда коронавирус жұқтырған 105 бала емделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 792 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін таңертеңгі ақпарат бойынша қалада 698 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Мұның ішінде 613-і симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен, 85 -і симптомсыз ауырған.

«Инфекциялық стационарларда 3 792 адам бар (төсек-орынның жалпы саны 6 060), оның ішінде 105 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 235 адам жатыр. Ал 26 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 93 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Медицина-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадалары мен телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 5 954 пациент бар. Оның ішінде 5278 адамда ауру белгілері бар, олар орташа ауыр жағдайда. 676 адамда ауру белгісі жоқ.


Соңғы жаңалықтар