Алматыда коронавирус жұқтырған 103 бала ауруханада жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 3 180 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 мамыр күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 557 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 474, симптомсыз – 83 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шығарылғандар – 268, келіп түскені – 291.

«Инфекциялық стационарларда 3 180 адам бар (төсек-орынның жалпы саны - 6 060), оның ішінде 103 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 216 адам жатыр. Ал 32 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 61 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 817 пациент бар.

Оның ішінде 3208 адамда індет белгілері болған, орташа ауыр жағдайда 136 науқас. 473 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар