Алматыда коронавирус жұқтырған 1 мыңнан астам науқас емделіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус жұқтырған 1056 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 230 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 222, симптомсыз – 8 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 122, келіп түскені – 119

«Инфекциялық стационарларда 1 056 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –2334), оның ішінде 28 бала емделуде», – деп нақтылады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 106 адам жатыр.

Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 47 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 27 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 2 409 пациент бар.

Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2312 науқас. 97 адамда коронавирус белгілері жоқ.


Соңғы жаңалықтар