USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус жағдайлары 14 жасқа дейінгі балалар арасында артты

2021 жылғы 25 қазан 15:07
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус жағдайлары 14 жасқа дейінгі балалар арасында артты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматыда 14 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам бала коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Психикасы зақымдалған адамдар арасында коронавирустан өлім 5 есе жоғары - мамандар Мектептерде математика оқушыларды топқа бөліп оқытылмақ - министр Коронавирус: БҚО-да 5 мыңнан астам адам амбулаторлық ем алып жатыр

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, мегаполисте балалар арасында коронавирус инфекциясы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан.

«Биылғы жылдың 9 айында 14 жасқа дейінгі 3438 баладан коронавирус анықталды. 2020 жылдың осы кезеңінде Алматыда 363 бала ауырған болатын. Балалар арасында жұқтыру едәуір артты», - деп хабарлады басқармадан.

Бұған дейін Алматыда 1 қыркүйектен бері 2960 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.

Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, коронавирус індеті 263 мектепте тіркелді. Соның ішінде дәстүрлі білім алып жүргендер арасынан 1737 жағдай анықталды.

Айта кетейік, егер сыныпта бір бала ауырса, оқушылар екі апта үй карантинінде болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT