Алматыда коронавирус вакцинациясы қалай жүргізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында Алматыда КВИ вакцинация қалай өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Вакциналау тұмау ауруынан вакцинация сияқты жүргізіледі. Ол үшін барлық емханалық мекемелер әзірленді. Вакцинатор медбикелер оқытылды. Алайда тағы бір рет қауіпсіз иммунизация бойынша тестілеуден өтеді. Бұл жұмысқа терапевтер де тартылатын болады. Қазір тізім жасап жатырмыз. Бірінші кезекте дәрігерлер, ұстаздар, полиция қызметкерлері вакцинациядан өтеді. Оның ішінде кей адамдарға салынбауы мүмкін. Мысалы аллергиясы бар, денсаулығы нашар, жүкті әйелдерге екпе салынбайды», - деді Бекшин.

Оның айтуынша, қазір Алматыда тоңазытқыштар дайын.

«Қалада вакцина сақталатын тоңазытқыштар жеткілікті. Бұл жұмысты Алматыдағы мемлекеттік емханалар түгел, кейбір жекеменшік емханалар атқаратын болады», - деді Бекшин.


Соңғы жаңалықтар