+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алматыда коронавирус ошақтарының саны 22-ге азайды

2020 жылғы 28 наурыз 19:18
Бөлісіңіз:
Алматыда коронавирус ошақтарының саны 22-ге азайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус ошағының саны 22 болды. Бұл туралы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінгі дерекке сәйкес, коронавирус ең көп анықталған аудан - Алатау ауданы.

«28 наурыз сағат 15.00-дегі жағдай бойынша Алматы аумағында коронавирус инфекциясы ошағының 22 аймағы тіркелді. Атап айтқанда, Әуезов ауданында 2 ошақ: Жетісу-2 ықшамауданы, 70а-үйі, Мамыр-4 ықшамауданы, 313 мекенжайында орналасқан.

Алатау ауданында 5 ошақ: Заря-Восток ықшамауданы, Сары-ой көшесі, 234-үй; Ақкент ықшамауданы, 7-үй, Ақбұлақ ықшамауданы, 9-үй; Жасыл Желек көшесі, 13, Тойшыбек батыр көшесі, 121-үй.

Алмалы ауданында 3 ошақ: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16 және Жароков көшесі, 7-үй.

Медеу ауданында 4 ошақ: Достық көшесі, 162; Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал ықшамауданы, 3 пен 5-үйлер.

Жетісу ауданында 4 ошақ: Еңлікгүл көшесі, 34а-үйі; Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ықш., 45-үйде науқас адам тіркелді.

Түрксіб ауданында 2 ошақ: Жұлдыз ықшамауданы, 45; Жұлдыз -1 ықшамауданы, 13-үй.

Бостандық ауданында 1 ошақ: Тұрғыт Озал көшесі, 242-үй.

Наурызбай ауданында 1 ошақ: Береке көшесі 1/97 мекенжайында орналасқан», - деді департаменттен.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыздан бастап Алматыда қосымша шектеу шаралары енгізілді. Енді қалада азық-түлік пен дәріханалардан басқа барлық кәсіпорын, мекемелер, сондай-ақ демалыс орындарының барлығы жұмысын тоқтатты. Сондықтан қала тұрғындарына артық себепсіз сыртқа шығуға тыйым салынады. Қоғамдық орындарда да 3 адамнан артық жиналуға болмайды, 65 жастан асқан тұрғындарға көшеде жүруге шектеу қойылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Аймақ, Коронавирус,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT