Алматыда коронавирус инфекциясының көрсеткіші өсіп келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус инфекциясының көрсеткіші артып келеді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ахуал салыстырмалы түрде алғанда қазір тұрақты. Ауру жағдайлары кезең кезеңімен артып келеді. Айдың басымен салыстырғанда ол кезде күніне 3-5 жағдай тіркелетін, қазір күніне 15-20 адам тіркеледі», - деді брифинг барысында Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша, тәуліктік өсім 0,1%, репродуктивті сан R, яғни таралу индексі – 1,88. Бұл көрсеткіштерді былай түсінуге болады: R>1 – эпидемия өсіп келеді, R=1– эпидемия бұрынғыдай, R<1 – эпидемия төмендеп келеді.

Алматыда COVID-19 тіркелгелі бері 14 622 жағдай лабораториялық жолмен расталды. Оның 8 791-і симптомды, 5 871-і симптомсыз болып отыр. 1 тамыздан бастап (коронавирус пневмониясы есебі енгізілген кез) 998 коронавирус пневмониясы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар