Алматыда коронавирус анықталған үйлердің мекенжайлары жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус анықталған тұрғын үйлердің мекенжайлары жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қалада инфекция тіркелген 10 ошақ анықталды. Бүгінде 2 жекеменшік үй мен 8 көпқабатты үй оқшауланды.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, келесі мекенжайлар карантинге жабылды:

Алтай шағынауданы - 1, 8;

Жасқанат шағынауданы, 86;

Еңлікгүл, 34 А;

Зенков, 59;

Достық, 162;

Гоголь, 75

Сарыой, 234;

Жароков, 16;

Желтоқсан, 125;

Байтұрсынов, 78/1

«Барлық ошақтарда эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Медицина мамандары барлық тұрғындардың денсаулығын бақылауда ұстап отыр. Бұл территорияларда дүкендер мен дәріханалардың тоқтаусыз жұмыс істеуі қамтамасыз етілген», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда - 25 және Қарағандыда - 2 жағдай тіркелген.



Соңғы жаңалықтар