Алматыда қорғаудағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы прокуратурасының араласуымен ерекше қорғаудағы жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, прокуратура Медеу ауданындағы Бутаковка ауылындағы ерекше қорғалатын 13,5 га аймақты мемлекет меншігіне қайтару туралы арыз түсірген болатын.

"Даулы учаскені əкімдік 2005 жылы  «Asia Construction» ЖШС берген болатын. Олар өз кезегінде «IROM Construction Group» ЖШС сатқан. Алматы прокуратурасы əкімдіктің жер учаскесін бірінші серіктестікке берілуі мен екінші серіктестікке сатылуы туралы келісімді жарамсыз деп тануды сұраған. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, апелляциялық, кассациялық соттар прокурордың арызын қанағаттандырмаған болатын. Осыған байланысты ҚР Бас Прокуратурасы Жоғарғы сотқа қарсылық енгізіп, өз кезегінде Жоғарғы Сот бұл арызды қанағаттандырды",- деді прокуратураның баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар