Алматыда қорғансыз әйелді қорқытып, 15 600 000 теңгесін қолды еткендерге сот үкімі шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қорғансыз әйелді қорқытып, 15 600 000 теңгесін қолды еткендерге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты Д.Қасымов пен С.Қуандықовты ҚР ҚК 192 бабы бойынша айыпты деп тапты. С.Қуандықов сот шешімімен 11 жыл 6 айға, Д.Қасымов 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс материалдарына сәйкес, таныс азаматшаның үйінде ақша мен алтын бұйымдар барын білген екі ер адам үйді тонаған. Есікті ашқан қожайынды соққыға жыққан олар үйдегі бар бұйымды алып кеткен. Қолды болған мүліктің құны 15 600 000 теңгені құраған.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар