Алматыда көпқабатты үйдің балкондары өртеніп жатыр

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпқабатты үйдің балкондары отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, шұғыл хабарлама ТЖД кезекшісіне сағат 16:03-те түскен.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, Көкжиек шағын ауданындағы № 32 үйдің 3 балконы отқа оранған. Адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр», - деді С.Баймұхамбетова.

Қалалық ТЖД өкілі толық ақпаратты кейінірек хабарлайтындығын жеткізді.

null 

null 

Соңғы жаңалықтар