Алматыда көпқабатты үйден шыққан өрттен 5 адам құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Алатау ауданы Зерделі шағын ауданында 9 қабатты үй өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт туралы хабарлама қалалық ТЖД кезекші пультіне түнгі 00:13-те келген.

6 қабаттағы пәтердің балконынан басталған өрт асүйді де шарпып үлгерген.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минутта жеткен.

Тексеру барысында 2-9 қабатқа дейінгі баспалдақ алаңын қалың түтін басқаны анықталды. Пәтердегі адамдар шыға алмай отыр екен.

6-8 қабаттағы пәтерлерден 5 адам, оның ішінде 2 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Өрт сөндірушілер балаларды дымқыл орамалмен орап алып түскен.

45 жастағы әйел оттегі қалпағымен аман қалды.

Тілсіз жау 00:46 ауыздықталып, 00:58-де сөндірілді.

Қызыл жалын 6 шаршы метр аумақты жарамсыз етті.

Соңғы жаңалықтар