+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

2021 жылғы 17 қыркүйек 15:51
Бөлісіңіз:
Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ұжымдық иммунитет қалыптаса бастады – Бақытжан Сағынтаев ШҚО-да соңғы тәулікте 6 өрт болды Алматы тұрғындары қала әкіміне дербес жобаларын таныстырды

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратаментінің мәліметінше, 17 қыркүйек күні сағат 15:09 кезінде «101» пультіне Медеу ауданы, Н. Назарбаев даңғылында орналасқан 4 қабатты үйден түтін шыққаны туралы хабар келіп түсті.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жетті. Олар 4-қабатты тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен өртеніп жатқанын анықтады. Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары енгізілді, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, автоматты көп иінді өрт сөндіру көтергіш жұмылдырылды»,- деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жағдай алғашқы минуттардан бастап бақылауға алынды.

«Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамынан 90 астам адам жұмылдырылды. Оқиға орнында арнайы штаб құрылды. Сонымен қатар, көше толық жабылды»,- деп нақтылады ведомствадан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT