Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер үш адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 15.23 -те «101» пультіне Алмалы ауданы, Манас көшесі, 3 мекенжайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Сағат 15.29-да оқиға орнына жеткен құтқарушылар 4 қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртеніп жатқанын анықтаған», - деп мәлім етті ТЖД.

Адамдарды іздеу және тілсіз жауды ауыздықтау үшін газ түтіннен қорғау қызметі жұмылдырылды.

«Төртінші қабаттың балконынан баспалдақ арқылы ана мен баласы құтқарылды (1986 жылы туған әйел, 2015 жылы туылған бала). Сондай-ақ, құтқарушылар төртінші қабаттағы пәтердің бірінде қамалып қалған 2000 жылы туған қызды құтқарды. Төменгі қабаттың тұрғындары үйден өздері шығып үлгерген», - деп қосты баспасөз қызметі.

Қолға алынған шаралардың арқасында өрт 22 минутта толықтай сөндіріліп, үш адам құтқарылды.

Алдын ала болжам бойынша, үшінші қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттар жанған.

Соңғы жаңалықтар