+7 (701) 759 90 19
USD 418.67 EUR 507.64
RUB 5.71 CNY 64.74
Jańalyqtar

Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, қарт әйел зардап шекті

2020 жылғы 27 қараша 11:53
Бөлісіңіз:
Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, қарт әйел зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйде пәтер өртеніп, қарт әйел жапа шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда тұрғын үйде шыққан өрттен 14 адам құтқарылды Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, екі адам қаза болды Ақмола облысында өрт шыққан пәтерден мүгедек әйел құтқарылды

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, өрт таңғы 04.09-да тұтанған.

«Өрт сөндірушілер дереу Әуезов ауданындағы 1-шағынаудан, №43 мекенжайына жетті. Олар келгенде үшінші қабаттағы пәтер өртеніп жатқан. Тілсіз жау балкон арқылы 4-қабатқа, шатырға өрлеп бара жатты. Қауіпсіз жерге тұрғын үйдің 10 тұрғыны, оның ішінде 3 бала шығарылып үлгерді. Өрт сөндірушілердің әрекетінің арқасында тілсіз жау 34 минутта ауыздықталды» деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге 10 техника мен 30 қызметкер жұмылдырылды.

Төтенше жағдайдан 80 жастағы қарт әйел жапа шеккен. Жедел жәрдем №7 ауруханаға жеткізілді.

Көршілердің айтуынша, әйел жалғызілікті болған, арасында күтушісі ғана келіп жүрген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT