Алматыда көпқабатты үйден өрт шығып, бір адам көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тұрғын үйде шыққан өрттен бір адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт туралы ақпарат төтенше жағдайлар департаментіне 8 қараша күні таңғы сағат 06:41 кезінде түскен.

Өрт сөндрушілер Бостандық ауданы «Қазақфильм» шағын ауданындағы мекенжайға жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты.

Өрт сөндірушілер келген кезде бес қабатты үйдің бірінші қабатының баспалдағын қою қара түтін басқан.

Тұрғындардың басым бөлігі пәтерінен сыртқа шығып үлгерген.

Ал өртке оранған пәтерге газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары құтқару құралдарының көмегімен темір торды бұзып, ас үйде қамалып қалған 75 жастағы үй иесін шығарды.

Әжесі екі немересін қауіпсіз жерге шығарып үлгерген. Барлау кезінде үш бөлмелі пәтердің бірінде ер адамның бар екені туралы айтылды.

Іздестіру-құтқару жұмыстары барысында жанып жатқан бөлменің ішінен 1977 жылы туған ер адамның денесі табылды.

Зардап шеккендер жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Өртті сөндіруге 30 қызметкер, 6 техника жұмылдырылды.

Өрт қуаттап қойған электросамокаттан шығуы мүмкін деген болжам бар.


Соңғы жаңалықтар