Алматыда көпқабатты үй өртке оранды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы көпқабатты үй өртке оранып, елу адам, соның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 ақпан күні 13:38-де Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Медеу ауданы, Гоголь көшесі, 75-үйдегі пәтерлердің бірінің балконынан өрт шыққаны туралы хабар келді. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі 6 минуттан соң, 13:44-те оқиға орнына жетіп барды», - деп мәлімдеді Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Анықталғандай, 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтердің балконында тұрған заттардан өрт шығып, артынша үйдің ішіне енген. 50 адам, соның ішінде 8 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің шұғыл әрекетінің нәтижесінде тілсіз жаудың жоғарыдағы пәтерлерге таралуының алды алынды.

Жалын шарпыған аумақ - 25 шаршы метр. Өрт 13:54-те ауыздықталып, 14:01-де толықтай сөндірілді.

Тілсіз жаудан ешкім зардап шекпеген.



Автор: Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар