+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Алматыда көпқабатты үй өртеніп, 20 адам эвакуацияланды

2021 жылғы 18 мамыр 09:41
Бөлісіңіз:
Алматыда көпқабатты үй өртеніп, 20 адам эвакуацияланды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпқабатты үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

17 мамыр күні түнгі сағат 22:44 -те Алматы қалалық ТЖД кезекші «101» пультіне Түрксiб ауданы Спасская көшесi № 63 үйден өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Өрт сөндіру бригадасы келген кезде 3 қабатты тұрғын үйдiң балконы шатырға тарап 300 шаршы метр аумақ өртеніп кетті. Барлық пәтерлерге қызыл жалынның таралу қаупi туындады. Жедел штаб құрылып, өрт оқпандары берiлдi, aвтоцистерналар өрт гидранттарына орнатылды. Газ-түтiннен қорғау қызметiмен пәтерде адамдардың бар жоғына барлау жүргiзiлiп, 20 адам эвакуацияланды, оның ішінде - жетеуі бала», -деп хабарлайды ТЖД.

Қабылданған шаралармен өрт 37 минутта оқшауланып, 23:56 минутта толық сөндірілді.

Өрттi cөндiруге жеке құрамнан 74 адам және 21 бipлiк техника жұмылдырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT