11:10, 21 Қараша 2019 | GMT +6
Алматыда көпқабатты үй бұрыштарын қаптауға тыйым салынады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жаңа дизайн-код ережелерінің енгізілуіне байланысты бұрышта орналасқан пәтер иелеріне үйлерін сыртынан қаптауға тыйым салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл мәселені Facebook желісінде қала тұрғыны Дина Избастова көтерді.
Ол Ақсай-4 шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйдің суретін жариялады.
Бұрыштағы пәтер иелері үйлерін пенопластпен қаптаған.
Қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.
«Болашақта ортақ ережелер – дизайн коды енгізілгеннен кейін тұрғындар типтік нормаға сай өз үйлерінің сыртқы келбетін өздері қадағалайтын болады. Ол кезде ортақ архитектуралық қасбетке қарсы шығып, басқаша жасау мүмкін болмайды», - деді басқармадан.
Мұның алдында қалада ортақ дизайн-код енгізілетіні жайлы жазған болатынбыз.