+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда көпірден секірмек болған жігіт құтқарылды

2020 жылғы 3 шілде 18:33
Бөлісіңіз:
Алматыда көпірден секірмек болған жігіт құтқарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері қыз үшін өмірімен қоштаспақ болған жігітті құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада каналға батып кеткен жігітт іздеуге 14 құтқарушы тартылды Вашингтондағы атыс: бір адам қаза тауып, тоғызы жараланған ШҚО-да екі көлік аударылып кетті

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы көпірден секірмек болған.

«Халиуллин көшесімен оңтүстікке келе жатқанда Құлжа тас жолы көпірінде бір жігіттің секірейін деп тұрғанын көрдік. Менің әріптесім Жандос Дүйсенбеков бірден жігіттің қасына барып уақытты созуға тырысты. Мен екінші жағынан бардым. Бұл жігіт сүйген қызымен ұрысып қалып, күйзеліске түскен екен. Біз екеуміз әңгімемен назарын бұрып жатқан кезде өтіп бара жатқан автомобиль жүргізушілерінің бірі арт жағынан келіп қапсыра құшақтап ары тартып кетті. Жүргізушіге көп рахмет айтамыз. Ол біз сөйлесіп жатқанда сыртымыздан бақылап тұрды. Кейін көмек керек екенін түсінгенде бізбен ымдаса отырып, арт жағынан алып кетті», - деді қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының арнайы батальон инспектор Ермек Меңғалиев.

Күйзеліске түскен жігіт қазір дін аман. Мән-жайды түгел түсіндіріп айтып берді. Оған психологиялық көмек көрсетілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT