Алматыда көпірден құлаған көлікте болғандардың жағдайы ауыр - басқарма

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Дәрігерлер көпірден құлаған көлікте болған адамдардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан жарақат алғандар дереу жедел жәрдем қызметімен емдеу мекемелеріне жеткізілді. «Қалалық ауруханаға жедел жәрдеммен 4 адам жеткізілді. Оларға бас сүйек-ми жарақаты, сүйек сыну және түрлі дәрежедегі дене жарақаттары диагнозы қойылды. Тиісті медициналық көмек көрсетілген соң зардап шеккендердің бірі амбулаторлық ем қабылдауға жіберілді, үшеуі ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір жағдайлары ауыр деп бағаланды. Тағы бір адамның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Ол №7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды», – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, кеше Рысқұлов даңғылының бойымен батыс бағытта жүріп келе жатқан Volkswagen көлігінің жүргізушісі маневр жасау барысында Toyota көлігімен соқтығысып, салдарынан Toyota көпірден құлады.


Соңғы жаңалықтар