Алматыда көпірден адам құлап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған көпірден адам құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдай Саин көшесінің бойында болған.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, көпірде велосипед қалған. Ол құлаған адамдікі болуы мүмкін.

Құлаған адамды жедел жәрдем №7 ауруханаға алып кетті. Мамандардың айтуынша, оның жағдайы ауыр.

Полиция адамның өз еркімен немесе ырқынан тыс құлағанын тексеріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар