Алматыда көпбалалы және мүгедек балалары бар отбасыларға тігін машинасы табысталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық көп балалы аналар мен мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыларға тігін машинасы табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көп балалы алматылық аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 35 дана тігін жабдықтары табысталды. Енді олар алты айлық тігу курсын бастайды. Әлеуметтік жоба Алматы әкімдігінің,

«Шинхан Банк Қазақстан» АҚ, «Даму» қоры және «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының қолдауымен жыл сайынғы «Global one volunteer festival 2019» еріктілер фестивалі аясында өтеді.

Сондай-ақ, фестивальға орай «Нейропсихиатриялық аурулары бар мүгедек балаларға күндізгі күтім орталығы» тәрбиеленушілеріне жаңа тігін машиналары табысталды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кесу және тігу курстары бар. Осылайша, олар мамандық алуға мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар