Алматыда көпбалалы үйде тұратын мектеп оқушыларына стипендия беріледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленетін үздік оқушы балалар стипендия алатын болады. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл қала билігі көпбалалы және мұқтаж отбасыларды қолдау бойынша кешенді шаралар моделін қолға алмақ.

Атап айтқанда, «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрмысы төмен жанұяларда тәрбиеленіп отырған оқушылар мен студенттерді қолдау қолға алынған.

«Мұқтаж отбасылардың жастарына стипендия беріледі. Бұл, білімге деген құштарлықты арттырады. Университеттер мен колледж студеттеріне ай сайын - 10 мың теңгеден, ал мектеп оқушыларына 5 теңгеден беріледі. Айтпақшы, биыл еліміз бойынша бөлінген гранттардың 40% немесе 27 мыңы Алматыға тиесілі. Бұл жерде біз грантпен оқитындардың барлығына бөлінетін стипендияны сөз етудеміз. Әрине, бұл отбасы үшін қосымша табыс көзіне айналады», - деді Бауыржан Байбек.

Сондай-ақ Алматыда тұрмысы төмен отбасылар үшін екінші баладан бастап балабақша тегін болады.

Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар 2 пайызбен баспана ала алады. Мегаполисте «Бақытты отбасы» арнайы тұрғын үй бағдарламасы қолға алынады. Кезекте тұрған 1276 көпбалалы және толық емес отбасылардың алғашқы жарнаны төлеуге мүмкіндіктері жоқ. Сондықтан қала бюджетінен 1 млн теңгенің сертификаттары тапсырылады. Алғашқы жарна пәтер құнының 10% құрайды, несие 2% 18 жылға беріледі. Несие жаңа үйлердегі құны 15 млн теңге болатын шағын пәтерлерге ғана беріледі.

Соңғы жаңалықтар