Алматыда көпбалалы отбасынан шыққан балалар үшін үйірмелер тегін болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуі барысында қала балабақшалардағы орын тапшылығын сөз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім өз сөзінде тұрғындардың көпшілігі балаларын мемлекеттік мектепке дейінгі мекемеге жіберетінін атап өтті. Олар арнайы бекітілген төлемақыны төлейді.

«Біз жеке балабақшаларға қосымша қызметтерге мемлекеттік тапсырыс бере аламыз. Бұл мемлекеттік немесе жекеменшік балабақша ма, жоқ па - оны таңдауға мүмкіндік жоқ, төлем барлық жерде бірдей болады «, - деді әкім.


Оның пікірінше, мұндай шара жекеменшік балабақшаларды 100%-ға толтыруға және жаңа балабақша ашуға серпін береді.

Сонымен қатар, балабақша кезегін азайту мақсатында бес мемлекеттік мектепке дейінгі мекеменің құрылысы аяқталуға жақын: Алатау ауданында 790 орындық, Бостандық ауданында 120 орындық, Алмалы ауданында - 120 орындық, Түрксіб ауданында – 280 орындық және Бостандық ауданында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 150 орындық бір балабақша.

Нәтижесінде 3100 орынға есептелген 11 мемлекеттік балабақша қолданысқа беріледі. Кезек 23 мың орынға азаяды.

Көпбалалы отбасыларды қолдауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, көпбалалы отбасынан шыққан балалар мектеп жанындағы үйірмелерге тегін қатыса алады.

Айта кетейік, Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың есепті кездесуі өтіп жатыр.

Жиында әкім қала үшін 400 жаңа автобус сатып алынатынын хабарлады .

Сондай-ақ Алматы меншігіне 383,5 гектар жер қайтарылғандығын айтты.



Соңғы жаңалықтар