Алматыда көпбалалы отбасылардың балаларына тегін кино көрсетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кинотеатрда фильмдердің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараны Бостандық ауданының әкімдігі ұйымдастырды.

«Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, аудан кинотеатрларында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған балалар фильмдерінің тегін көрсетілімі ұйымдастырылды. Алғашқы көрсетілім 28 мамырда өтті. Бүгін кешке тағы бір көрсетілім жоспарда. Бұл шараға 260 бала шақырылды «, - деді Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің өкілі Дина Білдібаева.

Сонымен қатар, мереке қарсаңында балалар «Қиял әлемі» саябағында ойнады.

«Бүгін таңертең 300 бала « Қиял әлемі « саябағында болды. Жақын күндері халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейіне экскурсияға ақысыз кіру және Алматы зообағына бағына саяхат ұйымдастырылады «, - деп қосты Дина Білдібаева.


Соңғы жаңалықтар