+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Алматыда көпбалалы отбасылардың балаларына 500 ноутбук берілді

2020 жылғы 9 қыркүйек 18:41
Бөлісіңіз:
Алматыда көпбалалы отбасылардың балаларына 500 ноутбук берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Білім саласындағы жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталық базасында қала оқушылары үшін 500 ноутбук салтанатты түрде тапсырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Оқуға құштар мектеп»: Бес жылда мектеп кітапханаларындағы әдебиет жаңартылады Үкіметтен сапалы білімді талап ете білуіміз керек - Ерболат Мұхамеджан Жаңа мамандықтар атласы 90% дайын – Саясат Нұрбек

«SALIQALY URPAQ» қайырымдылық қоры оқу озаттары мен жақсы оқитын оқушыларға қайтарымсыз 500 ноутбукты пайдалануға берді. Қазіргі уақытта қашықтан оқу форматын ескере отырып, бұл өте жақсы көмек. Бұл балалардың сапалы білім алуларына мүмкіндік береді деп ойлаймын. Атап өтетіні, карантин біткеннен кейін аталған ноутбуктар балаларға сый ретінде қалады. Бұл компьютерлер балаларға олимпиадаларға, ғылыми зерттеулерге қатысқан кезде қажет болады», - деді Ләззат Жылқыбаева.

«SALIQALY URPAQ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабековтың айтуынша, негізгі мақсат – балалардың болашағына үлес қосу. «SALIQALY URPAQ» қоғамдық қоры түрлі себептермен ноутбук сатып ала алмайтын отбасыларға көмектесу үшін 500 ноутбукты Алматы қаласының Білім басқармасына берді. Біздің мақсатымыз – ұрпағымыздың білім алуына үлес қосу, себебі білімді ұрпақ – елдің болашағы. Бүгінгі акцияның көмегімен біз балалар мен ұрпағымыздың жарқын болашағына себепкер болып отырмыз», - деді Қасым Қасабеков.

Шара барысында Алатау, Наурызбай, Түрксіб аудандарының көпбалалы аналарына жаңа ноутбуктар табыс етілді.

«Қашықтан оқыту кезінде Алматы әкімдігі бізге көп көмектесті. Мектептен бізге екі ноутбук және екі сим карта бөлінді. Үйде 6 бала болғаннан кейін, өкінішке қарай, оқуға екі ноутбук бізге аздық етті. Енді қазір бізге «SALIQALY URPAQ» қоры тағы бір ноутбукты сыйға тартты. Алғысымыз шексіз. Бұл балаларымның оқуда жоғары жетістіктерге жетулеріне көмектеседі деп ойлаймын», - деді алты баланың анасы Жаңылсын

Отбаева.

Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу үшін оқу жылының басынан бері Алматы қаласының барлық мектептері қашықтан оқу форматына ауыстырылған еді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен бюджет қаржысының есебінен77 мың мұғалім мен оқушы компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі. Бүгінде шамамен 50 мыңы берілді. Қалған техника 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Ата-аналармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT