+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Алматыда көпбалалы аналарға несие қарыздары бойынша туындаған мәселелер түсіндірілді

2020 жылғы 27 қараша 12:09
Бөлісіңіз:
Алматыда көпбалалы аналарға несие қарыздары бойынша туындаған мәселелер түсіндірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда көпбалалы аналарға екінші деңгейлі банк өкілдері несие берудегі түйіткіл мәселелерді түсіндірді. Шара «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Мегаполистің сегіз ауданының көпбалалы аналары онлайн режимінде банк өкілдеріне сұрақ қойды. Мысалы, Алатау ауданының тұрғыны Венера Карибаева қайтыс болған адамның несиелік міндеттемелері жақын туыстарына ауысуына қатысты мәселе көтерді.

Ал, Алмалы ауданының тұрғыны Әйгерім Хабиева пандемия кезінде жеке кәсіпкерлер үшін қандай жеңілдік қарастырылғанын сұрады.

Бұл сауалға Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Ернар Оразбаев жауап берді.

«Осындай мазмұндағы барлық өтініштер мен ұсыныстарды банктер жеке тәртіпте, бірақ құжаттардың толық пакеті болған жағдайда ғана қарайды. Яғни, балалардың туу туралы куәлікгі және пандемиядан туындаған кірісті жоғалту туралы анықтама. Алайда, барлық қарыз алушылар өздерінің мінсіз несие тарихы туралы алаңдауы, төлем тәртібін сақтауы және оны түзетуі керек. Өйткені, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, банк клиентінің несие тарихы 10 жыл сақталады»,– деді ол.

Оның айтуынша, биыл қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалауға қойылатын талаптар айтарлықтай қатаңдатылды. Бұрын бақылаусыз тұтынушы несиесін берген микроқаржы ұйымдары, ломбард және басқа да қаржы мекемелерінің қызметі мемлекет тарапынан реттеледі. Алайда, мамандардың айтуынша, тәуекел қатері әлі де бар. Әсіресе дағдарыс пен халық табысының төмендеуі кезеңінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT