Алматыда көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Достық үйінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚХА аналар кеңесінің бірыңғай күні аталып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға түрлі этнос пен ұлттың көпбалалы аналары шақырылды. Кездесу барысында әр этномәдени бірлестіктің төрағалары аналарға құрмет көрсетіп, ақшалай сыйлық табыстады.

«Мұнда ұйғыр, татар, осетин, шешен, өзбек орталықтары бар. 12 отбасыға сыйлық берілді. Бұл тек қана осы ұлт өкілдеріне құрмет көрсетілді деген сөз емес, әр көпбалалы отбасыға ақшалай сыйлық беріледі», - деді Алматыдағы ҚХА аналар кеңесінің төрайымы Нұрия Ниязова.

Оның айтуынша, Алматыдағы Қазақстан халқы ассамблеясына 35 этномәдени бірлестік кіреді.

«Біз мұқтаж отбасыларға үздіксіз көмек көрсетіп келеміз. 8 наурыз қарсаңында кез келген әйел, ана бір жылы лебіз күтеді. Сол үшін аналарымызға сыйлық жасап жатырмыз. 1 наурыз - Алғыс айту күнінде де біз көпбалалы аналарға 50 000 теңгенің сертификатын табыстаған болатынбыз. Кей аналар бұл ақшаны қайда жұмсағанын айтып, бөлісіп жатты», - деді Нұрия Ниязова.

null null

Соңғы жаңалықтар