Алматыда көпбалалы аналардың ақшасын қолды еткен әйел ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпбалалы аналарды алдап, ақшасын қолды еткен әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, 35 жастағы әйелдің мойнында 100-ге жуық қылмыстық эпизод тіркелген.

Оның құйтырқы әрекеттерінен Шымкент, Тараз, Қызылорда, Алматының көпбалалы аналары жапа шекті.

«Бұл әйел көпбалалы аналарды атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеп беремін, құжаттарды тездетіп беремін деп, сеніміне кірген. Ол істі шешу үшін керек деп алдын ала төлем алып отырған. Бұл оқиға аналарға үлгі болып отыр. Мемлекеттік құжаттарды рәсімдеуде ешқандай «көмекшінің» көмегі керек жоқ. Бұл азаматшаның мемлекеттік органдармен ешқандай байланысы болмаған», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.

Күдіктінің кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар көрінеді. Балалары анасының қолында тәрбиеленіп жатыр.

Бұған дейін де алаяқ келіншек осындай қылмыстық ісі үшін жауапкершілікке тартылған.

"Қазір ол уақытша оқшаулау орнында қамауда отыр. Оған қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы азаматшаның әрекетінен жапа шеккен азаматтар болса 8-727-298-53-02; 8-707-515-47-35; 8-701-718-70-69 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуын сұраймыз», - деді полковник Тұрсынбетов.

Соңғы жаңалықтар