Алматыда көпбалалы аналар тісін тегін емдетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Астана күніне орай Алматыда көпбалалы аналарға тегін стоматологиялық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаладағы №5 клиникалық ауруханада 40 көпбалалы ана тісін тегін емдетті. Науқастарды білікті стоматологтар қабылдады.

Қайырымдылық акциясы астана күніне орайластырылды.

«Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының басшысы Толқын Саметованың айтуынша, көпбалалы әйелдер тіс емдеудің қымбат екенін және аталған медициналық көмекті алу оңай емес екенін жиі тілге тиек етеді.

«Сондықтан мұқтаж жандарға көмектесуге шешім қабылдадық. Бүгін тіс дәрігерлері 40 көпбалалы ана мен мүмкіндігі шектеулі 20 баланы қабылдады», – дейді Толқын Саметова.


Соңғы жаңалықтар