Алматыда көп пəтерлі үй өртенді: 1 əйел қаза болды (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Солтүстік айналма жолы 86/8 үйдегі 46-шы пəтер өртенді. Үйдің ішінен əйел адамның мүрдесі табылды, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өрт туралы хабарлама таңғы 6:00-да түскен. 7-қабатта орналасқан пəтердің балконы мен мансарды өртенген. Тілсіз жау 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру кезінде 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Қазір табылған əйелдің кім екендігі анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар