18:23, 22 Қаңтар 2018 | GMT +6
Алматыда көп қабатты үйлердің шатырындағы мұз сүңгілері тазаланып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының құтқару қызметі көп қабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың шатырларынан мұз сүңгілерін тазалап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Хабарлама Инстаграмдағы #akimatalmaty ресми парақшасында жарияланды. Жұмысқа құтқару қызметінің мамандары мен кран жұмылдырылған.
Құтқару қызметі адамдарға жұмыс жүргізіліп жатқан тротуарларда абай болуды ескертті.