Алматыда қоныс аудару қоры құрылады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Жыл соңына дейін Алматыда қоныс аудару қоры құрылады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерболат Досаев мегаполисте тұрғын үй қорын жаңартудың жаңа бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты.
«Былтыр мәслихат қоныс аудару қорын құруға қатысты ойымды қолдаған еді. Қор осы жылдың үшінші тоқсанында өз жұмысын бастайтын болады. Біз алдымен бюджет есебінен баспана сатып аламыз, сол жерге бұзылатын үйлердің тұрғындарын көшіреміз. Тек содан кейін ғана апатты үйлер сүріледі. Осы шаралардың барлығы адамдардың жайлы өмір сүруі үшін жасалады. Сонымен қатар Алматы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеке инвестор жүзеге асыратын жобаларға қаржы бөлінді»,- деді Алматы әкімі.
Оның айтуынша, реновация бағдарламасы уақытша тоқтатылды.«Жақын арада Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекіттеді деп үміттенемін. Қазіргі уақытта тиімді бағдарлама әзірлеу үшін реновация бағдарламасын уақытша тоқтаттым. Жаңартылған нұсқадағы жоба жалпы талқылауға ұсынылады», - деді Ерболат Досаев.


Соңғы жаңалықтар