Алматыда контрабандалық тауарды бақылауға үйрететін оқу алаңы ашылды

None
None
  АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Академиясы жанынан заңсыз тауарларды өткізбеуге даярлайтын  оқу алаңы ашылды. Жобаға Қазақстандағы АҚШ дипломатиялық өкілдігі қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа оқу орнында үш жүк көлігін қатар тексеретін  гараж, бес вагондық теміржол перроны, және де ұшақтың  оқу салоны бар. Мұнда болашақ шекарашылар тиым салынған тауарларды тасымалдау мен құқық бұзушыларды құрықтау тәсілін меңгереді. Шекара қызметінің Академиясы тәжірибелік аумағында  білім алушылар жаппай жою қаруларын жасайтын материалды анықтау әдістерін үйренеді. Оқу орталығында қазақстандық курсанттар мен қоса Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан шекарашылары қылмысты тұсау жолдарына машықтанады.

null«Академияның жаңа оқу базасында Ауғанстан мен  Орта Азия аумағы шекара әскерлері даярлықтан өтеді. Жоба АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Алаңда «Boeing 777» авиациялық әуе кемесінің симуляторы орналасқан. Бұл әлемдегі ең үлкен жаттығу құрылғысы. Әуе кемесінің үстіңгі жағы мен техникалық бөліктерін, ұшқыштар кабинасы, экипаждың демалатын орнын тексеруге жағдай жасалған. Сондай-ақ теміржол перроны мен шекара арқылы тасымалданған жүктерді мұқият тексеруге арналған транспорттық құралдар бар. Академияда оқу-жаттығу барысы 4 жылға созылады. Оқу орнында жолаушыларды есірткі өнімдерінен, психотроптық заттардан, қару-жарақтардан тексеру үшін тәжірибелік сабақтар өткізіледі. Бұл аумақ Қазақстан және  Орталық Азия шекара -кеден бақылау мамандарының пайдасына беріледі», -деді  ҚР ҰКҚ Шекара қызметі Академиясының басшысы Павел Паливанов.

nullОның айтуынша, мұндай симулятордың әлемде 22 түрі бар. Ал көлемі жағынан ең үлкені болып саналатын, өлшемі 22 метрге жететіні осы. Шекара қызметінің Академиясы әскерилері жаттығу алаңын 1 қыркүйектен пайдалана бастайды.

АҚШ елшілігі арнайы жобаға 2 млн 200 мың АҚШ долларын бөлген.

  null 

Соңғы жаңалықтар