+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Алматыда Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

2019 жылғы 29 тамыз 17:32
Бөлісіңіз:
Алматыда Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті. Тұрғындарды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген әкім Елбасының қазіргі Қазақстанды құрудағы тарихи рөлін атап өтті.

«1995 жылы Конституцияның қабылдануы – күрделі саяси жағдайда жасалған халықтың тарихи тағдырының таңдауы. Бұл – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің тарихында жасалған жаңа қадам. Ол кезде, жалпыұлттық референдумда, қазақстандықтар заманауи құқықтық мемлекетке дауыс берген еді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев Конституция еліміздің барлық азаматтары үшін алдағы онжылдықтарда құндылықты платформаға айналғанын және қоғамымызды біріктіргенін атап өтті.

«Тарихтан көргеніміздей,табысқа жеткен барлық елдердің жетістіктерінің негізін мықты саяси көшбасшылық пен саяси еріктілік құрайды. Елбасы – Қазақстанның заманауи конституциялық құрылымының негізін қалаушы», - деді Б. Сағынтаев.



Әкім Елбасының1995 жылы қабылданған заңды күшіне ие 147 жарлығы нарықтық байланысты күшейтіп, Нұрсұлтан Назарбаев шығарған Қазақстанның алғашқы жаңғыру тәжірибесіне айналғанына тоқталды.



Сондай-ақ, әкім бүгін, еліміздің жаңа даму кезеңінде, біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен қазақстандық үлгі – «Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі» бойынша даму жолын жалғастырып жатқанын атап өтті.


Авторы Данияр Дәуітәлиев


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Конституция, Алматы, Әкім,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT