Алматыда Конституция күніне орай мерекелік шеру өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 30 тамыз - Конституция күніне орай әскери шеру өтеді. Бұл туралы қалалық Мәдениет басқармасының баспасөз хатшысы Рашида Тыливалдиева хабарлады.

Республика сарайы алдындағы Абай алаңында күндізгі сағат 11:00-де құрметті қарауыл - ҚР «Ұлан» мемлекеттік қорғау қызметінің ту ұстаушы тобы ҚР Мемлекеттік Туын алып шығады. Мерекелік шеруге Әскери оркестрдің барабаншылары, Әскери-инженерлік радиоэлектроника және байланыс институтының курсанттары, «Арыстан» әскери арнайы әскери лицейінің курсанттары қатысады.

«Концерттік бағдарлама мазмұнды әрі қызықты болмақ. Екі сағатқа жуық сахнада қазақстандық эстрада жұлдыздары мен Санкт-Петербордан келген Мүйіз аспаптар оркестрі өнер көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды», - деді Р. Тыливалдиева.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Ата Заң мейрамына орай алматылықтар классикалық өнердің концертін тамашалай алады. 31 тамыз күні Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Ресей Мүйіз аспаптар оркестрінің концерті өтеді. Бағдарламада Бахтың, Моцарттың, Рахманиновтың тағы басқа классиктердің танымал шығармалары орындалады.

Соңғы жаңалықтар