Алматыда Конституция күніне арналған велошеру өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тамыздың 26-ы күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында алып шаһарда Конституциясы күніне арналған кезекті велошеру өтеді, деп хабарлайды ақпараттық және спорттық ХАБ.

Кез келген қала тұрғыны мен қонақтары таңғы сағат 08:30-да «Нұрлы Тау» бизнес орталығы маңына жиналып, ұйымдастырушылардан бағалы сыйлықтар ойнатылатын лотореяның нөмірлерін алады.

Велошеру сағат 09:00-де басталып, Тұңғыш Президенті саябағында аяқталады. Велошерудің қашықтығы 8 шақырым. Мәреде қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылады.

Ұйымдастырушылар өз тарапынан, қатысушыларға арнайы бас киімсіз (шлемсіз) қатысуға тыйым салынатындығын ескертеді.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» қалалық бағдарламасы аясында 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің он төртіншісі болып табылады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы алып шаһарда бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылып келеді.

null 

Соңғы жаңалықтар