Алматыда консерваторияға қарама-қарсы жерді әкімдік сатып алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Абылай хан даңғылы бойындағы консерваторияға қарама-қарсы жер телімін әкімдік сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімдігінің 6 тамыздағы № 3/323-2065 қаулысы бойынша, аумағы 0,0116 га болатын жер учаскесі Усупова Виолетта Тиграновнадан (кадастр нөмірі 20-311-007-056) мәжбүрлі түрде сатып алынады. Мәжбүрлеп көшіру 2019 жылдың 31 желтоқсанына белгіленген. 

Бұл жұмыстар ҚР Үкіметінің 2002 жылдың 19-желтоқсанындағы №1330 қаулысымен бекітілген Алматының бас жоспарын жүзеге асыру үшін атқарылып жатыр. 

Аталған жер телімі Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясына қарама-қарсы орналасқан. Ол жерде бір қабатты ғимарат бар. Ғимаратта әр кездері гүл салоны, дүкен, ойын автоматтары орналасқан. 

Одан бөлек, қаулы аясында Рысқұлов пен Емцов көшелерінің қиылысындағы, Алатау ауданы Құрылысшы шағын ауданындағы Күреңбел мен Ырысты көшелерінің бойындағы учаскелер де мәжбүрлі түрде сатып алынатын болды.

Соңғы жаңалықтар