Алматыда Конфедерация кубогының финалдық кезеңдері өтеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 8-9 желтоқсан күндері Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спорттық жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының финалдық кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған дода Қазақстанда осымен үшінші мәрте ұйымдастырылғалы отыр. Бокс, күрес, дзюдо, таеквондо және қазақ күресі спортынан бірлескен командалық жарыс ретінде өтетін шараның жалпы жүлде қоры - 145 000 000 теңге.

Конфедерация кубогы үшін қатысушы командалар жеребе бойынша төрт топқа бөлінген еді:

«А» тобы: ШҚО., Қостанай обл., БҚО, Павлодар обл.;

«В» тобы: Алматы обл., Ақтөбе обл., Қарағанды обл., Астана қ., Шымкент қ;

«С» тобы: Атырау обл., Алматы қ, Жамбыл обл., Маңғыстау обл.;

«D» тобы: СҚО, Ақмола обл., Қызылорда обл.,Түркістан обл.;

 Іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша жарыстың жартылай финалында келесі командалар бақ сынайды:

Бокс: Қарағанды обл., Астана қ., ОҚО, Маңғыстау обл.;

Таеквондо: Павлодар обл., Алматы қ., Түркістан обл.;

Дзюдо: ШҚО., Қарағанды обл., Атырау обл., Қызылорда обл.;

Грек-рим күресі: Қостанай обл., Алматы обл., Алматы қ,  СҚО;

Еркін күрес: ШҚО, Астана қ.,  Алматы қ., Түркістан обл.;

Қазақ күрес: «Елорда батыры» спорт клубы (Астана қ.), «Qazaq kuresi»

спорт клубы (Алматы қ.), «Қарағанды облысы қазақ күресі» спорт клубы

(Қарағанды обл.), «ЗАК КАР» спорт клубы (Қарағанды обл.).

Соңғы жаңалықтар