Алматыда көне заманда өмір сүрген әйелдің моласы табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алатау ауданының аумағындағы «Көк Қайнар» шағынауданына жақын жерде археологтар мен қала тарихы мұражайының мамандары төбелердің бірінен біздің дәуіріміздің IV-V ғасырларында өмір сүрген әйелдің сүйектерін тапты, деп хабарлайды «Вечерний Алматы» газеті.

Табылған жаңалықтың бірегейлігі оның жерлену ерекшеліктері мен моланың ішінде жатқан заттарда болуда. Жерленген әйелдің қасында балшық ыдыс, құрбандыққа шалынған қойдың сүйектері, үлкен қола сақина, шашқа арналған түйреуіштер және ең қызығы - қола айна болды. Қазақстан бойынша осындай он көне айна табылған.

«Бізге суй кезеңінде өмір сүрген әйелдің тұтас, тоналмаған моласын табу бұйырды. Өкінішке қарай, оның барлық сүйектері сақталмаған, бірақ жерленген заттар, моланың орналасуы мен басқа да жайттар ғалымдарға көптеген дүниелерді ашуға көмектесе алады. Жерлеу конструкциясының өзі сирек болып кездеседі, менің тәжірибемде ондай әлі болмаған», - деді мұражайдың ғалым хатшысы Мұрат Нұрпейісов.

Бұдан басқа, археологтар аталған төбеде әйелдің жалғыз жерленбегенін, қасында оның жұбайы да жерленуі мүмкін деп айтады. Аталған учаскедегі жұмыстар жалғасуда.

Барлық экспонаттар толық қаралып, қалпына келтірілді және мұражай экспозициясына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар