Алматыда көне кілемдердің көрмесі өтіп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде «Масатыдай құлпырған…» атты қалпына келтірілген көне кілем мен тоқыма бұйымдардың көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көрмеде алғаш рет Қазақстанның оңтүстік, солтүстік және батыс өңірлерінен дәстүрлі қазақ кілемдерінің бұрын көрмеге қойылмаған және жоғары көркемдік-тарихи маңызы бар бірегей коллекциясы ұсынылады.

«Көрмеге қойылған кілемдер еліміздің оңтүстік және шығыс өңірлерінде жасалған.Олардың дайыдалу әдісі мен сипаты жағынан өзіне тән өзгешеліктер бар. Көрмеден қайта қалпына келтірілген кілемдер мен қатар тоқыма бұйымдарын тамашалауға болады. Бұл жәдігерлердің барлығы музейіміздің қорында сақталған. Тарихи-мәдени артефактілерді қалпына келтіру орталық музей қызметінің маңызды бағыттарының бірі. Оған қоса музейде 1986 жылдан бері реставрация бөлімі жұмыс істейді. Қазір онда сегіз білікті маман кескіндеме, графика, қыш, мата бұйымдары, кілем-киіз және тағы басқа бағыттар бойынша қызмет етуде»,- дейді Музейдің рестоврация бөлімінің меңгерушісі Шолпан Тұрсынбаева.

Көрмеге 13-ке жуық түкті кілем мен басқұрттар, қоржындар қойылған. Бұл бұйымдардың барлығы ХХ ғасырдың бірінші жартысында жасалған, ең көне кілем 1934 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында жасалыпты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрменің басты мақсаты - Орталық музей қоры негізінде қазақ халқының кілем және тоқыма бұйымдарының тіршілік қамы функциясын, сонымен қатар олардың жасалу материалдары мен техникасын, қолданыс аясын, шаруашылық, тұрмыстық және функцияларын ашу.


Соңғы жаңалықтар