Алматыда коммунистік халықтық партия өкілдері өнер мұражайының ұжымымен кездесті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер Қазақстан коммунистік халықтық партиясының мүшелері Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында партия мүшелері қазақстандық социалистік реализм ағынының экспозициясымен танысты. Партия төрағасы Магеррам Магерамовтың айтуынша, олардың мұражайға бас бұруының себебі ерек.

«Біз мәдениетке үнемі үлкен көңіл бөлеміз. Өйткені, мәдениет -адамды тәрбиелейтін мемлекеттің басты құралы. Социалистік реализм картиналарын қарай отырып, коммунистік мемлекеттің ерекшелігін көреміз. Оның басты құндылығы еңбек адамы және отбасы. Бұл кез келген қоғамның негізгі әрі басты құндылықтары. Бұл экспозиция суреттерінің мағынасы терең, бағасы шексіз. Осындай туындылар батыстық индивидуализмге қарсы қойылуы керек», - деді партияның Алматыдағы басшысы Магеррам Магеррамов.

Айта кету керек, мұражайдың социалистік реализм экспозициясында 67 картина қойылған. Келген қонақтар белгілі кескіндемеші Қ. Тельжанов, Г.Исмаилова, Н. Хлудов, В.Черкасов, С.Мәмбеевтің туныдыларын тамашалады. Партия өкілдері жиналғандарға сайлауалды бағдарламасы жайлы айтып берді.

Соңғы жаңалықтар