Алматыда коммуналдық төлемдерді төлеу кейінге шегерілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайға байланысты Алматыда коммуналдық төлемдерді төлеу кейінге шегерілді.
Бұл туралы Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары Мейіржан Отыншиев брифингте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, қала әкімдігі тұрғындарды қолдау бойынша бірқатар шараларды қабылдаған.
«Сумен жабдықтау және су тарту қызметтеріне («Алматы Су» МКК), жылу және ыстық сумен жабдықтауға («Алматы жылу желілері» ЖШС) және электр энергиясына («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы) және телефон байланысына («Алматытелеком» АТД) төлем жасауды кейінге қалдырылды»,– дейді ол.
Бұл бастаманы лифт ұйымдары да қолдады. Олар қала тұрғындарына айыппұл санкцияларын қолданбай, екі айға (наурыз, сәуір) төлемді кейінге қалдырды.
«Тұрғын үйді жөндеу және күтіп ұстау қорынан аула сыпырушылардың, клинингтік компаниялардың еңбекақысы, авариялық қызметтердің, лифтілер мен көтергіштер сияқты қауіпті техникалық құрылғыларға қызмет көрсететін ұйымдардың шақырулары, сондай-ақ кондоминиумның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және ортақ мүлікті қауіпсіз пайдалану, онда тиісті тәртіпті сақтау, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, санитарлық ылғалды тазалау үшін қажетті басқа да шығындар төленеді»,– дейді Мейіржан Отыншиев
Сондай-ақ ол, бұл ретте, басқару органдарына төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде жарналарды кейінге қалдыруды көздей отырып, күрделі жөндеуге жарналар жүргізуге мүмкіндігі жоқ меншік иелеріне айыппұл санкцияларын қолданбауды ұсынатынын айтты.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу бойынша қарызды өтеуге арналған төлемдерге қатысты меншік иелері де карантин уақытында төлемдердің мерзімін ұзарта алады. Төлеу мүмкіндігі болмаған жағдайда айыппұл санкциялары қолданылмайды»,– деді ол.
- Павлодар облысына оңтүстіктен көшіп келген отбасы ауылда кірпіш цехын ашты
- Алматыда жол талғамайтын көлік «Сергек» камераларын алдамақ болған
- СҚО трассасында 4 автокөлік соқтығысты
- Ақпан айында Қызылорда облысында коронавирусқа қарсы вакцина егу басталады
-
Қызылорда облысында тұрғын үй өртеніп кетті
-
Коронавирусқа қарсы вакцинация: Жиі қойылатын сұрақтардың жауабы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам