+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Алматыда коммуналдық қызмет ақысын төлеу жыл соңына дейін ұзартылды

2020 жылғы 22 наурыз 11:38
Бөлісіңіз:
Алматыда коммуналдық қызмет ақысын төлеу жыл соңына дейін ұзартылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай салдарынан коммуналдық қызмет ақысын төлей алмай отырған Алматы тұрғындарына борыштарын жыл соңына дейін өтеуге мүмкіндік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстауда жазасын өтеушілер 40 мың дана вирустан қорғаныш костюмін тікті Аягөзде балаларға арналған орталықта 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкер індет жұқтырған Әлем бойынша соңғы бес күнде 1 млн адам коронавирус жұқтырған

Мұндай мүмкіндік коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантинге орай коммуналдық қызметтерді уақытында төлеуге мүмкіндігі жоқ қала тұрғындарына беріледі.

Бүгіннен бастап карантиндік жағдайға байланысты қиын материалдық жағдайға тап болған тұтынушы телефон арқылы немесе электрондық сайттар арқылы қызмет көрсетушінің есеп айырысу бөліміне хабарласып, жылдың наурыз және сәуір айлары үшін төлемдерінің мерзімін ұзарта алады.

Төлемдер бойынша кейінге қалдыру тек жеке тұлғаларға сумен жабдықтау және кәріз жүйесі үшін («Алматы Су» МКК), жылыту және ыстық сумен жабдықтау («Алматы жылу желілері» ЖШС), электр энергиясы («Алматыэнергосбыт» ЖШС), газбен жабдықтау («ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалы), телефон байланысы («Алматытелеком» АТД) қызметтері бойынша беріледі.

Айта кетейік, карантин кезінде коммуналдық қызметтерге қарызы бар тұрғындар электр жарығынан, судан, жылу мен газдан және телефон байланысынан ажыратылмайды.

Сондай-ақ, коммуналдық қызмет ақысын уақтылы төлемегені үшін жеке тұлғаларға айыппұлдар салынбайды.

Төлемдерді кейінге қалдыруды ресімдеу үшін кәсіпорындардың call-орталықтарының нөмірлері:

«АлТС»: +7 (727) 341-07-77, info@alts.kz

- +7 (701) 098-45-05, ortalyc@alts.kz – «Орталық» КҚКО (Алмалы және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін);

- +7 (708) 249-87-79, batys@alts.kz – «Батыс» КҚ (Алатау, Әуезов және Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін);

- +7 (777) 969-84-46, shygis@alts.kz – «Шығыс» КҚ (Жетісу, Медеу және Түркісіб аудандарының тұрғындары үшін);

«Алматы Су»: +7 (727) 3-777-444, almatysu.kz және as-portal.kz;

«АлматыЭнергоСбыт»: +7(727) 356-99-99, 399-99-00, esalmaty.kz

«ҚазТрансГаз»: +7 (727) 244-55-33, ktga.kz;

«Алматытелеком»: 160, +7 708 000-01-60, telecom.kz;

Тәртіп АҚ: 7 (727) 344-19-19, +7 (727) 393-08-05, +7 (727) 393-08-03, tartyp.kz;

«Алматы лифт»: +7(727) 390-28-19.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT