Алматыда комиссияға да, сайлаушыларға да қысым болған жоқ - ТМД миссиясы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -ТМД миссиясының халықаралық байқаушысы Валентин Колясев Алматыдағы жалпықалалық баспасөз орталығында өткен брифингте сайлау учаскелерінде ешқандай заңбұзушылықтардың орын алмағанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Валентин Колясевтің айтуынша, ТМД миссиясынан Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға қатысу үшін 234 адам тіркелген. Оның төртеуі Алматыда жұмыс істеп жатыр.

«Біз таңертең шамамен 10 сайлау учаскесіне бардық. Төрт учаскенің ашылуында болдық. Сайлау учаскелерінде ешқандай заңбұзушылықты байқамадық», – деді халықаралық байқаушы.

Сонымен қатар, ол сайлау процесінің ұйымдастырылуына тоқталды.

«Бізді қорғаныс костюмі мен маска киген адамдар қарсы алды, маска кигізіп, температураны өлшеді. Залда байқаушылар үшін 10 орын болды. Жұмыстың басында да, процесте де барлығы еш кедергісіз ҚР заңнамасының нормалары бойынша орындалды. Комиссияға да, сайлаушыларға да қысым болған жоқ. Менің ойымша, бұл тұрғыда бәрі ойдағыдай болды», – деп атап өтті В.Колясев.

Байқаушы санитарлық нормалардың сақталуына ерекше назар аударды.

«Барлық санитарлық нормалар сақталды. Байқаушылар бір-бірінен 2 метр қашықта отырды. Барлығы бетперде, арнайы халаттар мен каска киіп отырды»,– дейді В.Колясев


Соңғы жаңалықтар