Алматыда комендант сағатын бұзған 84 адам әкімшілік жауапқа тартылды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда комендант сағатын бұзғаны үшін 84 адамәкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің бастығыҚанат Таймерденов Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалықштаб отырысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қаладағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және аса маңызды нысандарды қорғауға 3 800 полиция мен сарбаз жұмылдырылды.

Сонымен қатар, ол Алматыда үш аусымды режимде полиция және әскери қызметкерлерден құрылған жаяу патрулдер жұмыс істеп жатқанын айтты.

«Қалада 5 блок-бекет жұмыс істеп тұр. Оған 390 адам жұмылдырылған. Қорғаныс

министрлігі әскери қызметкерлері қаланың барлық маңызды стратегиялық нысандарын

қорғап тұр. Полиция банктердің 49 есеп айырысу бөлімшесін күзетке алды», - деді

ол.

«Терроризмге қарсы операция басталғалы ішкі істер органдарына жалпы 2 300 адам жеткізілді. Олардың 236-сы қарақшы және жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар болды, олар қамауға алынды. 84 адам комендаттық сағатты бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды»,- деді Қанат Таймерденов.

Спикердің сөзінше, 7 қару-жарақ дүкенінен 1 347 қару ұрланған. Осыған қатысты арнайы тергеу тобы құрылды. Осы сәтке дейін 127 қару тәркіленді, оның 58-і аңшы дүкенінен ұрланғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар