Алматыда көліктің үстіне ағаш құлап, 2 адам мерт болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы облысында жолда келе жатқан көлікке ағаш құлап, салдарынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Оқыс оқиға Құлжа тас жолы бойында болды. Оңтүстік бағытқа қарай бет алған автокөлікке ағаш құлаған.  Бұдан кейін 100-150 метрге жылжыған  көлік басқа ағашқа соғылып тоқтаған. Апат салдарынан автокөлік жүргізушісі мен ондағы жолаушы көз жұмды.

Апатқа ұшыраған көліктің төбесі ашық жатыр. Оның себебі белгісіз.  Қазір арнайы қызмет оқиғаның мән-жайын  анықтауда.

nullnull

Соңғы жаңалықтар