Алматыда көліктік инфрақұрылымды дамытуға 49,8 млрд. теңге жұмсалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көліктік инфрақұрылымды дамытуға 49,8 млрд. теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен көлік инфрақұрылымын дамытуға байланысты жиын барысында қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Владимир Меренков мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл ұзындығы 131,4 шақырым болатын 201 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жасалды.

«Барлық магистральды көшелерге және жергілікті көшенің 80%-ына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы ұзындығы 131,4 шақырымды құрайтын 201 көшеге ағымдағы және орташа жол жөндеу жұмыстары, оның ішінде жаңадан қосылған территорияларда ұзындығы 42,1 шақырымды құрайтын 54 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы - 3,3 шақырымды құрайтын Шаңырақ шағынауданындағы Жанқожа батыр көшесін Үлкен Алматы каналына дейін күрделі жөндеуден өткізу, Солтүстік айналым көшесіне Москвин көшесінен Бөкейханов көшесіне дейін ұзындығы - 1,9 шақырымды құрайтын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Айша Бибі шағынауданында ұзындығы - 1,6 шақырымды құрайтын жол құрылысы жүргізілді», - деді В.Меренков.

Сондай-ақ оның айтуынша, 2015 жылы негізгі үш жолайрығының құрылыс ы жалғасады. Атап айтқанда, «Қалқаман» шағынауданындағы Райымбек даңғылы мен Әуезов көшелерінің, Саин көшесі - Рысқұлов даңғылы, Төле би көшесі Шығыс айналма жолына шығар тұсында жол айрығы салынады.

«2015 жылдан бастап шығыс айналма жолы іске қосылады. Солтүстік айналма жолында да жұмыстар жалғасып жатыр. Айналма жол Саин-Рысқұлов көшелерінің қилысында да жалғаспақ. Жолайрығының құрылысы келесі жылы бітеді деп жоспарлап отырмыз. Қалқаман шағынауданындағы Райымбек Әуезов көшелерінің қиылысындағы жол айрығы да пайдалануға берілді. Ол өте өзінің шешімін сәтті тапқан жоба болды. Бұл жерде мүлде кептеліс жоқ. Тек базар орналасқан жерде ғана жол қозғалысы қиындаған», - деді басқарма басшысы.

2015 жылы Алматыдағы 3 көше Төле би көшесін Қайырбеков көшесінен шығыс айналма жолына дейін, Сүйінбай даңғылын Бекмаханов көшесіне дейін жол өткелімен теміржолдары арқылы, Үлкен Алматы каналы бойындағы жолды «Дархан» шағынауданынан Солтүстік айналымға дейін ұзарту жоспарда тұр.

Соңғы жаңалықтар