Алматыда Көлікті бақылау инспекциясының қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясының маманы мен жетекші маманына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген хабарламада.

Алматы қаласының аумағы бойынша жүк көліктерін кедергісіз жүргені үшін маман делдал арқылы 200 мың теңге, ал сол бөлімшенің жетекші маманы 270 мың теңге жүк тасымалдаушылардан пара алды деп күдіктелуде.

Қазір тергеу жүріп жатыр.



Соңғы жаңалықтар